Четверг, 26 декабря, 2024
No menu items!

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан адамдардың саны белгілі болды

Басқа ақпараттар

Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан адамдардың саны белгілі болды. ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Алматыдағы қарулы қақтығысқа қатысқандар саны 20 мыңнан асты. Террористердің әрекеттері бір орталықтан басқарылған деп айтуға болады. Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды, оның 4353-і жараланған. Оның ішінде 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі – террактілерге қатысқан бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскери қызметкер де бар. Аталған деректер әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен әрбір факт мұқият тексеріледі. Нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», – деді ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз