Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 12-күнінде Қазақстан үш спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Захар Кучин тау шаңғысынан Олимпиададағы соңғы жарысына шығады. Кучин екі мүмкіндігінен соң мәреге жете алады деп үміттенеміз. Себебі бұған дейін қазақстандықтар мәреге жетпеген болатын.

Қазақстандық шаңғышы қыздар классикалық стильдегі командалық спринтте финалға шығуға тырысады. Финалға шығу қиын, бірақ жолдама алса – осының өзі жеңіс саналады.

Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метрге жарысқа шығады. Бұл – қазақстандық шорт-трекшілердің биылғы Олимпиададағы соңғы жарысы.

16 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы
8:15 Слалом. Ерлер. Бірінші мүмкіндік
11:45 Слалом. Ерлер. Екінші мүмкіндік

Шаңғы жарысы
13:15 Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер/Ерлер. Классикалық стиль
15:15 Командалық спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Классикалық стиль

Шорт-трек
17:30 1500 м. Ширек финал. Әйелдер
18:15 1500 м. Жартылай финал. Әйелдер
18:44 1500 м. Финал. Әйелдер

Қайдан көруге болады:
Хабар, Россия 1 – 13:15, 15:15 (шаңғы жарысы)
Ел Арна, Матч Арена – 8:10, 11:40 (тау шаңғысы)
Qazsport, Матч Арена, Матч ТВ – 17:25 (шорт-трек)

*Нұр-Сұлтан уақытымен