Басты бет Жаңалықтар Қаңтар оқиғасы: Қанша адам қамауға алынды?

Қаңтар оқиғасы: Қанша адам қамауға алынды?

Қазір еліміздің тергеу изоляторларында қаңтар оқиғасына қатысы бар 728 адам отыр. Олар ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған. Бұл туралы бүгін Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тағы 270 адам үй қамақта немесе қаладан кетпеу туралы қолхат жазған. Уақытша ұстау орындарында тәртіпті қадағалау күшейтілген. Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары қоғамдық комиссиялармен тығыз байланыста. Мәселен, осы күнге дейін ұйым мүшелері 13 изоляторға 60 рет барған. Ел депутаттары да, осы орындарға барып, ахуалды өз көзімен көрді. Қамауға алынғандардың денсаулығы дәрігерлердің жіті назарында. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері күдіктілерді азаптау туралы жалған ақпарат тараптауды ескертті.

24kz

Exit mobile version