Мемлекет басшысы Жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.

Оның айтуынша, Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп, соған байланысты осындай шешім қабылданған.

«Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.