«Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы шеңберінде Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жас саясаткер» жобасын бастады.

Жобаның алғашқы сабағы «Саясат және жастар» тақырыбында болды. Оны «Amanat» партиясы «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Болатбек Уәлихан Болатбекұлы бастады.

Айта кетейік, өңірдегі жастардың саны 255 мыңды шамалайды. Бұл жалпы облыс тұрғындарының 22 пайыздан астамын құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, кейінгі буынның 95 мыңнан астамы – қалада, 160 мыңнан астамы – ауылдық жерде тұрады. Жастар арасында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жан-жақты жағдай жасалуда. Олармен аудандық және Тараз қалалық Жастар ресурстық орталықтары тұрақты жұмыс жүргізуде. Жастар ресурстық орталықтары еліміз бойынша алғаш рет осы Жамбыл облысында негізін қалап, республикаға үлгі ретінде ұсынылғаны барша жастар саясаты саласындағы азаматтарға белгілі.

Дереккөз: Qazaq1913