Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Басқа ақпараттар

Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Jas.kz Polisia.kz-ке cілтеме жасап.

Аталған тұлға бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

«Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі. Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген», – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз