Понедельник, 30 декабря, 2024
No menu items!

Жүз алпыс сегіз отбасы баспаналы болды

Басқа ақпараттар

Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрғандар мен «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ-ның салымшыларына жаңа көпқабатты үйлердің 168 пәтері берілді. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған несиелік тұрғын үйлердің кілтін облыс әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады.

Қоныс иелерін құттықтаған облыс әкімі А. Баталов Талдықорған қаласын дамытудың жоспарына, соның ішінде 7-шағын ауданда салынатын құрылыс нысандарына қысқаша тоқталып, жаңа баспаналарына құтты болсын айтты.

— Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Талдықорған қаласы да күннен күнге көркейіп келеді. Соның бір айғағы – бүгін жаңа пәтерлерге қол жеткізіп отырсыздар. Облыс орталығындағы жаңа баспаналарыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа, отбасыларыңыз бақыт пен ырысқа толсын! – деді А. Баталов. «Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова да көпшілікке ізгі тілегін жеткізіп, қуаныштарына ортақтасты. Жаңа қоныс иелері де оңды мемлекеттік саясаттың нәтижесінде баспаналы болу бақытына ие болып отырғандарын айтып, Президенттің атына ризашылықтарын жеткізді.

Кілт тапсыру салтанатының алдында  облыс әкімі А. Баталов пен «Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жеке тұрғын үй құрылысын дамыту туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Л. Ибрагимованың айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қос тарап келісімі бойынша жыл соңына дейін Талдықорғанда банктің қатысуымен коттеджді қалашықта 48 жер үй салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал мұнан кейінгі екі жыл ішінде осындай жеке тұрғын үйлер санын 600-ге жеткізу межеленген.

«Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде жеке тұрғын үйлер салынатын жер алаңдарының инженерлік инфрақұрылымын жасауға толық қолдау көрсетеміз. Ең бастысы оның нәтижесін халық көреді», — деді Амандық Ғаббасұлы.

Аталмыш банктің Алматы облысында 43 мыңнан астам салымшысы бар, яғни облыс республика көлемінде салымшыларының саны жағынан алдыңғы қатарда. Бұл — Алматы облысының орталық қаласында ғана емес, Қаскелең, Талғар сияқты шағын қалаларында да инфрақұрылымның жақсы дамығанының нәтижесі. «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде облыста 74,1 мың шаршы метр тұрғын үй салған. Соның ішінде «Тұрғындардың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 41,1 мың шаршы метрлік 12 үй немесе 609 пәтер салынса, «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 33 мың шаршы метрлік 7 үй немесе 593 пәтерді пайдалануға берілген. Жалпы 2017 жылы 6 үй салу жоспарланса, соның 4-еуі Талдықорғанда болмақ. 

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз