Сайлау нәтижелерін пресс-конференцияда ОСК төрағасы Нуржан Шайлдабекова жариялады.

Нәтижелерге үңілер болсақ, С.Жээнбековқа сайлаушылардың 54,23%-ы дауыс берді. Ал оның басты қарсыласы, оппозициялық үміткер Омурбек Бабанов 33,47% дауыс жинады. Ал үшінші орынға 6,41% дауыспен Мемлекет Қауіпсіздігі Кеңесінің экс-хатшысы Адахан Мадумаров жайғасты.

Дауыс беру Астана уақытымен таңғы 8.00-20.00 аралығында болып өтті.