Ұлыбритания билігі инвесторларға берілетін «алтын визалардан» бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Елдің мұндай қадамға баруына Ресейдің соңғы уақыттағы Украинаға қатысты саясаты түрткі болып отыр. Жергілікті ІІМ-нің пікірінше, мұндай визаның алып тасталуы ақшаны жылыстатуды шектемек.

Бұл бағдарламаның ережелері бойынша, елге 2 млн фунт стерлинг көлемінде инвестиция құйғандар Ұлыбританияда үш жыл бойы тұру құқығына ие болып, кейін оны екі жылға ұзарта алады.

Tribune India басылымының дерегіне сүйенсек, 2008 және 2020 жылдары аралығында мұндай визаны әлемнің бірқатар елінің ауқатты азаматтары алған. Бұл тізімде Қытай көш бастап тұр.Осы күнге дейін 4 106 қытайлық Ұлыбританияға инвестиция салып, елде тұру мүмкінідігіне ие болды. Одан кейінгі орындарда Ресей (2 526), Гонконг (692), АҚШ (685) тұр.  Қазақстан (278) бұл тізімде алтыншы орында.