17 наурыз күні Жайдарман ойындарының «Маусымашар-2022» фестивалі аясында Бейбітшілік және келісім сарайында J-TALKS шарасы өтті.
Шараның мақсаты — медиа саласының үздіктерімен қатар жастар саясаты ісінде жүрген майталман жандармен өткен кездесуден жайдарманшылар өздері үшін пайдалы ақпарат, қажетті кеңес, мотивация беру.
Шара спикерлері:
- Саясат Нұрбек — ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.
- Мырзабек Нұрсұлтан– «Aktown» шығармашылық бірлестігінің
- Нұржан Жетпісбаев – «Аманат» партиясы жастар қанатының төрағасы.
- Еркебұлан Мырзабек— қазақстандық актер, сценарийші, тележүргізуші, продюсер және шоумен.
Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық креативті дамыту бойынша кеңестерін айтты.