Ақша үлестірумен Экология министрлігі айналысады.

«Алдыңғы бағдарлама бойынша жеңілдікті автонесие алу үшін кезекте тұрған азаматтардың құжаты алдымен қаралады», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. Олардың саны 15 мыңға жуық.

Өскенбаевтың айтуынша, бағдарламаға бұрын да несие берген және электронды кезек құрған банктер қатысады. Ал ақшаны ҚР ИИДМ емес, Экология министрлігі бөледі, өйткені «Жасыл Даму» АҚ осы мекемеге бағынады.

«Біз автонесие беру тәртібін белгіледік. Енді Экология министрлігі қаражатты қалай үлестіретінін және қалай жұмсайтынын қадағалайды. Осы айдың аяғына дейін мұның бәрі бекітіледі», — деді министр.

Бұрын бағдарламаға Сбербанк пен Банк ВТБ (Қазақстан) қатысқанын айта кеткен жөн. Ресей санкция шырмауына түскенде екі қаржы ұйымы да үлкен қиындыққа тап болды. Олар енді автонесие бере ала ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Алдағы уақытта бұл қызмет Халық банкіне жүктелуі мүмкін.

Дереккөз: kolesa.kz