Спорт туралы ең қызық деректер

14757

Қазіргі таңда спорттың сан түрі бар. Олардың әрқайсысы ерекше, қиын. Спортшыларға жетістікке жету үшін тек қана спорттық қабілет емес, шыдамдылық керек екенін де білеміз. Адамхзат дамуымен спорт та дамып келе жатыр. Жаңа спорт түрлері ашылып, чемпиондар жаңа рекордтарға қол жеткізуде. Сол аралықта спорт жайлы ең қызық деректер жанкүйер жадында сақтаулы. Біз де оның кейбіреулерін алтын қорымызға сақтап қояйық.

  1. Барлық футбол чемпионаттарына қатысқан жалғыз ел – Бразилия.
  2. Бокс спорт түрі ретінде тек 1900 жылы заңдастырылды.
  3. Көпшілігі дзюдода 10 дан бар деп ойлағанымен, негізінде олар 12 екен. Бірақ 11 данға әлі ешкім лайық деп танылмаса, 12 дан тек қана бір адамға берілген – Дхигаро Кано (дзюдоның негізін қалаушы).
  4. Стенли Кубогының жеңімпаздарына тек кубоктың көшірмесі беріледі де, түпнұсқасы Торонтодағы Хоккей залында сақталады.
  5. Шахматтың алғашқы он жүрісінде 170 000 000 000 000 000 000 000 000 ойынның жолы бар.
  6. Кинематографиядағы ең танымал спорт түрі – бокс.
  7. 1958 жылы Джей Фостер  Ямайканың ұлттық чемпионатының жеңімпазы атанды. Сол кезде ол небәрі 8 жаста еді.
  8. «Кубик Рубик» ойыншығын шешу үшін орта есеппен 48-100 айналым қажет.
  9. Барлық спорт түрлерінің ішінде чемпиондар жасы ең үлкен спорт түрі – бильярд. Ондағы чемпиондардың орташа жасы – 35-36.
  10. Хоккей қақпашысының бет қорғайтын маскасы алғаш рет 1936 жылы Берлинде жапон қақпашысы Танаки Хоимомен қолданылған.
  11. Кәсіби воллейболшының соққысымен доп сағатына 130 км-ге дейін ұшуы мүмкін.
  12. Ал кәсіби хоккей ойыншысының шайбаны соққандағы жылдамдығы сағатына 160 километрге дейін жетуі мүмкін.
  13. Футбол добы 32 фигурадан құралады. Оның 12 қара түсті бесбұрыштар болса, 20 ақ түсті алтыбұрыштар екен.
  14. Олимпиада медалін жеңіп алған ең жасы үлкен адам – Оскар Сван. Ол 1920 жылы Швецияда өткен жарыста ату бойынша екінші орын алған. Сол кезде ол 72 жаста еді.
  15. Бейсбол сонау 1700 жылдары Англия жерінде пайда болған.