Pfizer вакцинасымен ақылы екпе жасау мүмкін емес. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Pfizer компаниясы ақылы вакцинация жасауға келісім бермей отыр.
«Өкінішке орай Pfizer компаниясы ақылы вакцинация жасауға келісім бермей отыр. Компания бұл түптеп келгенде жанама қайта сатылымға алып келеді деп санайды. Денсаулық сақтау министрлігі мен компания арасындағы келісімшартқа сәйкес, жанама қайта сатылымға рұқсат берілмейді. Осыған орай, Pfizer вакцинасымен ақылы түрде екпе жасау мүмкін емес деген шешімге келдік. Дегенмен, кеше ведомствоаралық комиссия мүмкіндігі шектеулі және 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау туралы шешім қабылдады», — деді Жандос Бүркітбаев.