Біздің ағзамыз үздіксіз қартаяды. Бұл ешкімге құпия емес, бірақ әжімдердің алдын алу үшін немесе оларды кетіру үшін арнайы күтім алуға бар күшімізді саламыз да, ағзаның көзге көрінбейтін бөліктері жайлы азырақ ойлаймыз. Ал негізінде ми барлық басқа органдарға қарағанда жылдамырақ қартаяды: есте сақтау нашарлайды және когнитивті процестер баяулайды. Massaget.kz сайты мидың саулығы мен жастығын сақтауға көмектесетін күнделікті әдеттерді ұсынады.
Ұйқыны қандыруға тырысыңыз
Кез келген проблемасы бар адамға берілетін ең қарапайым кеңес — ұйқы режимін реттеу. Алайда ми саулығын сақтауға келгенде бұдан маңызды нәрсе жоқ. Біріншіден, біз ұйықтап жатқанда ми белсенді түрде жаңа нейрондық байланыстар жасайды, бұрыннан барларын қатайтады және барлық «қажет еместерін» алып тастайды. Мұның барлығы есте сақтауға жағымды әсер етеді. Екіншіден, біздің ағзамызда ұйқы кезінде глиалық-лимфалық жүйенің тазаруы өтеді. Ми уыттардан арылады. Бір сөзбен айтқанда, ұйқы режиміңіз қаншалықты жақсы болса, ми сізге соншалықты ұзақ «қызмет етеді».
Білім алуды тоқтатпаңыз
Ми үшін жаңа нәрсені үйренуден күшті белсенділік жоқ. Ақпарат пен дағдыларды білу процесі кезінде ми жаңа нейрондық байланыстар түзеді. Егде адамдардың көпшілігінде жаңа ақпараттың жетіспеуінен ми жылдам қартаяды. Кез келген нәрсені үйренуге болады. Бастысы, үздіксіз жаңа ақпарат келіп, өңделіп тұрса болғаны. Шығармашылық дағдыларды меңгеру де пайдалы.
ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар) қабылдаңыз
Миға заманауи өмір ырғағында жұмыс істеу қиын. Сондықтан да ми функциясын жақсарту үшін ББҚ көмегіне жүгінуге болады. Қазір мұндай қоспаларға сұраныс көп болғандықтан, дәріханалардан олардың түр-түрін кездестіруге болады. Гарвард ғалымдарының зерттеуі бойынша, бұл сұрақта шынымен көмектесетін 5 қоспа бар: В тобының үш дәрумені — В6, В9, В12, Е дәрумені және омега-3 май қышқылдары.
Дереккөз: massaget.kz