«Елбасының ең мықты баспасөз хатшысы — Дәурен Абаев болды»… М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары – Ерболат Мұхамеджан Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында осындай оймен бөлісті.
Оның айтуынша, журналистерден қашпай, барлық ситуациядан «әдемі» шығатын баспасөз хатшысы осы Дәурен Абаев болған.
«Пиарға келсек, Елбасының ең мықты баспасөз хатшысы — Дәурен Абаев болды. Сөз жоқ, артық әңгіме жоқ, бірде-бір рет журналистерден қашқанын көрмеппін. Қандай ситуацияда болса да, министр болса да, Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары болса да журналистерге шығып, түсіндіріп жүреді. Көп «таяқ та жеді». Барлық ситуациядан «жақсы» шыға алады. Сондықтан сұрақтан қашпайтын да, Елбасының «айтып» қалған сөздерін түсіндіріп, «айтқысы келгені осы» деп жүретін ең мықты баспасөз хатшысы Дәурен Абаев болды деп ойлаймын», дейді ол.
Сонымен қатар Ерболат Мұхамеджан Дәурен Абаевтың кейінгі жылдары Қасым-Жомарт Тоқаевқа да кей кезде баспасөз хатшы рөлін атқарып кеткендей көрінгенін айтады.
Оның айтуынша, бұл сөзіне әріптестері қосылады.