Щучинскідегі «Центр плова» кафесіндегі өрттен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

Басқа ақпараттар

Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде болған өрттен көз жұмғандар саны 12 адамға дейін артты, деп хабарлайды Jas.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Астанада ауруханада ем қабылдап жатқан тағы бір зардап шегуші қайтыс болды. Билік өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына, соның ішінде жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Өрт 26-27 ақпанға қараған түні газ баллонының жарылуы салдарынан болған. Алғашында 6 адамның қаза тапқаны хабарланса, кейін бұл сан 9-ға жетіп, кейін тағы бірнеше адам көз жұмған. Зардап шеккендердің бір бөлігі Астанаға емделуге жеткізілген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, кафе иесі ұсталды.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз