Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Болашаққа бағдар айқын

Басқа ақпараттар

Жетісу жеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан МЫҢБАЙ бастаған бір топ азаматтар келді. Олар республикалық семинар өткізу арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы бағдарламалар мен жобаларды толыққанды түсіндірді.

Тіл сарайындағы семинардың ашылу рәсімін жүргізген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар алдымен қадірменді қонақтарды киелі мекенге келулерімен құттықтады. Барлық жұртшылықтың атынан алғыс білдіріп, өткелі отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

– Ең әуелі тәжірибе алмасып, істің нәтижелі, еңбектің өнімді болуы үшін осындай семинардың қажеттілігі барлығымызға белгілі. Осында жиналған сіз бен біздің негізгі мақсатымыз, мүддеміз – Елбасының мақаласындағы көрсетілген дүниелерді іске асырып, соны елдің арасында кеңінен насихаттау. Сондықтан бүгінгі маңызды шараны Жетісудың жүрегі Талдықорған қаласында өткізуге шешім қабылдаған, Дархан Қамзабекұлы, сізге алғыс айтамын, – деген Жақсылық Мұқашұлы семинардың сәтті өтуіне тілек білдірді.

Әрмен қарай сөз алған Қазақстан халқы Ассамблея­сы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай:

– Киелі Жетісу жеріне келіп семинар өткізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Бәрімізге аян, бүгінде қоғамда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мәселелер қызу талқылануда. Алда тұрған негізгі мақсатымыз, семинардың да мақсаты – мақалада көрсетілген жобалар мен бағдарламаларды тиімді, әрі сапалы жүзеге асыруды ұйымдастыру, – деп республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы халық ішінде үлкен қолдауға ие болып, игі істер нәтижесін беріп те үлгеруде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  «Қоғамдық келісім» мекемелерінің қызметкерлері қатысқан семинар барысында мақалада көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы мен «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға байланысты ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіледі. «Новые решение» білім қорының жетекшісі Вячеслав Ким «Қазақстандағы мәдени мұра» жобасын таныстырса, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Нұрбек Шаяхметов «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудағы этномәдени бірлестіктердің әлеуеті» тақырыбында ой қозғады. Астана қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Рухани жаңғыру бойынша ұлттық комиссияның мүшесі, кәсіби модератор Шерзод Пулатов «Медиация жаңаша ойлауды қалыптастыру тәсілі ретінде», ал Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, әрі Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің төрағасы, білім меценаты Бекзат Алтынбеков «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырудағы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің жаңаша қағидаттары» тақырыбында дәріс оқыды.

Сол секілді «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру бойынша этномәдени бірлестіктер мен өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелері өкілдерінің қатысуындағы диалог алаңы қатысушылар тарапынан қызу талқыланды. «Діни экстремизмнің алдын алу», «Заманауи бизнес үлгі жасау» атты  тренингтер тыңдарманды мол мағлұматқа қанық етті. Бір күндік семинар шеңберінде облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар да көрсетіліп, өзге өңірлермен бірлесе қызмет ету, тәжірибе алмасу сынды әңгіме қозғалды. Алыс­тан келген қонақтар келесі күні Кербұлақ ауданындағы   Ш. Уә­лиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық музейімен танысып, әрмен қарай сапарларын жалғастыратын болады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img