Пятница, 14 февраля, 2025
No menu items!

Мидың күшімен әуен жазуға мүмкіндік беретін бағдарлама жасалды

Басқа ақпараттар

Ғалымдар мидың күшімен әуен жазуға мүмкіндік беретін бағдарлама ойлап тапты. Автриядағы Грац Университетінің ғалымдары мүмкіндігі шектеулі, бірақ музыкалық қабілетті жандар үшін арнайы «Brain Composer» атты бағдарлама шығарды.

«Brain Composer» — адамға электродтармен жабдықталған құрылғыны кигізіп, нейро-компьютерлік интерфейсті қолдану арқылы, мидың толқындарын өлшейді. Негізі мұндай жүйелер мүмкіндігі шектеулі жандардың текстік хабарлама жазуы үшін қолданылады. Яғни әріптер бірінен соң бірі экранда пайда болады және қажет әріп пайда болғанда, электродтар мидың белсенділігі арқылы керектісін анықтап береді.

«Brain Composer» дәл осы принциппен жұмыс істейді, тек әріптің орнына нота, аккорд, «паузаларды» таңдайды. Кейін жазылған, дайын туынды басқа арнайы бағдарламада сақталып, тыңдауға мүмкін болады.

Аталмыш туынды базалық-музыкалық және композиторлық білімі бар 18 адамда сынақтан сәтті өткен. Ендігі кезекте мүмкіндігі шектеулі жандардан сынақтан өткізу жоспарлануда.

Авторы: Қарлығаш Құрамысова

Соңғы жарияланымдар

Хәкім Зиеш ат басын Катарға бұрады

31 жастағы ойыншы «Әл-Духаил» сапына ауысуға жақын. Катардағы бір жылда алатын жалақысы шамамен 7,5 млн еуроны құрайды екен. Сондай-ақ бонустары да...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз