Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!

Алматыда өткен “Отандастар” бизнес форумы : Іскерлік байланыстарды нығайту және жаңа бастамалар

Басқа ақпараттар

2024 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған «Отандастар» бизнес-форумы өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шарға 12 елден 50-ден аса шетелдегі қандас кәсіпкерлер мен Қазақстаннан 150-ге жуық қатысушы қатысты.

Форумға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Kazakh Invest» АҚ өкілдері қатысып, Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу мүмкіндіктері туралы мәліметтермен бөлісті. Форумның бірінші пленарлық сессиясында «DAMU BUSINESS GROUP», «TAS FINANCE GROUP», «Steppe & World», «Hazifa», «Kazakh Aru» сияқты отандық кәсіптердің негізін қалаушылары Қазақстанда бизнес жүргізу жолдары және мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады.

Екінші пленарлық сессияда әр елден келген қандас кәсіпкерлер өз бизнестерін таныстырып, тәжірибе алмасты және жаңа серіктестермен байланыс орнатты. Іс-шара Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға, сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетуді талқылауға бағытталды.

Форумның жабылу сессиясында «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесін» құруды ұсынды. Бұл кеңес шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің бизнес белсенділігін арттыруға және олардың мәдени-гуманитарлық құндылықтарын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Тимур Құлыбаевтың «Халық» қоры мұқтаж жандар үшін Астана әкімдігіне 400 пәтер берді

«Халық» қайырымдылық қоры Астанадағы баспанаға мұқтаж отбасыларға  арнап  «Compass North» тұрғын үй кешенінен Астана әкімдігіне 400 жаңа пәтер берді....
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img