Пятница, 27 декабря, 2024
No menu items!

Жетісулықтарға 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды

Басқа ақпараттар

Халық саны 2 миллионнан асатын Алматы облысының тұрғындарына солтүстік өңірден 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылып, оның тең жартысы мұғалімдер мен дәрігерлерге бөлініп  отыр.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен баспасөз – мәслихатында белгілі болды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасының мақсаты — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Аталмыш бағдарлама негізінде Алматы облысында арнайы мобильдік топ құрылып жетісу өлкесінде өз жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, Жетісу өңірінің 11 ауданында бірқатар дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылған.Ақпараттық топ — аймақтағыхалықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесіп, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуларына өз үлестерін қоспақ.

— Негізі біздің облыста 400 бос жұмыс орны жарияланған. Осы бағытта І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде жәрмеңке өткізіп, халықты хабардар еттік. Бұл бағдарлама бойынша келушілерге отбасының әрбір мүшесіне 85 мың теңге және пәтер жалдауға немесе үй сатып алуға көмек көрсетіледі, — деді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағамбетов.

Жалпы, биыл 461 отбасы Алматы облысынан еліміздің солтүстік аймақтарына көшіріліп, оның ішінде 152 жанұя Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп барған. Бұл туралы толығырақ Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Заида Илимжанова айтып өтті.

«Аталмыш  жоба бойынша солтүстіке қоныс аударған отбасылардың жаңа қоныста баспанамен және жұмыспен қамтылуына сондағы жергілікті атқарушы билік  орындары жауапты. Жанұяға бөлінетін қаражатпен қоса  несиеге 50 бас қой беру қарастырылған. Яғни, кәсіп ашып, шаруаңызды дөңгелетуге мүмкіндік бар. Ал, қарыздың қайтарымы 3 жыл көлемінде жүзеге асырылуы керек», — деді ол.

Айта кетейік, жұмыс ұсынушы тарапынан сайланған делегацияның қатысуымен өңіраралық жәрмеңкелер Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Ескелді және Сарқан аудандарында өткізілмек.

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз