Воскресенье, 1 июня, 2025
No menu items!

«АСТАНА ЖАСТАРЫ» ӨКІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Басқа ақпараттар

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының  басшы орынбасары Ақерке Ақтай Қазақ технология және бизнес университетінің белсенділерімен кездесті. Кездесу   ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдауымен  ұйымдастырылды.

ҚазТБУ жастары өздерінің алғашқы қадамдары мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Өз кезегінде Ақерке Ақтай  жастарды армандаған мақсаттарына ертеңгі күнге  қалдырмай,  осы сәттен бастап қолға алып, үкімет тарапынан жасалып жатырған үлкен мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырды.

Сонымен қатар, басшы орынбасары студенттерді еңбекқорлыққа және білімге, арандатушылыққа және деструктивті ағымдарға жол бермеуге, бизнес негіздеріне және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының басқа да бағыттарына шыңдалуға шақырды.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз