Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығында өңір жастарымен кездесті.
Кездесуді аша отырып, ол «Жастар – елдің болашақ зиялы қауымы және электораттың маңызды құрамдас бөлігі. Осыған байланысты біз үшін қазіргі таңда жастардың сайлау процесі мәселелерінің кең спектрі төңірегінде пікірлері мен ұсыныстары өте маңызды» — деп атап өтті.
Кездесуде жастар өкілдері сайлау процесіне цифрлық технологияларды енгізу, сайлау мәдениеті мен алдағы сайлауда жастардың белсенділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартты.
Қатысушылар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған осындай кездесулер жастардың сайлауға деген сенімін арттырудың пәрменді тетіктерінің біріне айналатынын және жастар осындай диалог орнатуды қолдайтынын атап өтті.