Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл гранттар әр колледжге емес, белгілі бір студентке берілетінін айтты.

Сонымен қатар министр колледждерге берілетін гранттар саны да жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Биыл колледждердегі грант саны рекордтық көрсеткішке – 31 мың грантқа дейін өсіп отыр. Негізгі гранттар техникалық мамандықтарға беріледі. Сонымен қатар емтихандар алынып тасталды және халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін арнайы квота енгізілді. Гранттар әр колледжге берілмейді, яғни белгілі бір студент грант ұтып алады және ол белгілі бір колледжді таңдайды. Қаржы олар таңдаған колледжге түседі. Бұл колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ең бастысы – еңбек нарығының сұранысына сай болу, деді Асхат Аймағамбетов.