Суббота, 7 июня, 2025
No menu items!

«Экспо» көрмесіне — облыс жәрмеңкесі

Басқа ақпараттар

Астанада өтіп жатқан «Экспо — 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Алматы облысы тауар өндірушілерінің Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. «Қазақстан» спорт  кешенінің жанында екі күнге созылған жәрмеңкеге жетісулықтар 42 түрлі азық-түлік апарды.

Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен 3 қаласы, сондай-ақ «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы да атсалысып, жалпы 3 мың тоннаға жуық өнімін ұсынды. Атап айтқанда, 1200 тонна көкөніс, 500 тонна жеміс-жидек, 20 тонна бал және басқа да экологиялық таза азық түрлері, сүт және ет өнімдері нарықтағыдан төмен бағада саудаланды.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «STUDENT LIFE» Жайдарман ойыны басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен НАРХОЗ Университетінде студент жастар арасында республикалық «STUDENT LIFE»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз