Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Елордада «ТУҒАН КҮН-2018» республикалық арнайы жобасы өтті

Басқа ақпараттар

Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Бейбітшілік және келісім сарайында» Азаматтық бастамалық қолдау орталығының ұсынған гранттары аясында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам минитсрлігінің қолдауымен «ТУҒАН КҮН-2018» республикалық арнайы жобасы өтті.

Іс-шарада Жайдарманның танымал топтары өнер көрсетіп, көрермендерге көңілді кеш сыйлады. Олардың қатарында «Біріккен ұлттар құрамасы» (Астана), «Миллион» (Шымкент), «Тұран — Астана» (Астана), «Қызылорда құрамасы» (Қызылорда), «Боранқұл» (Маңғыстау), «Грант» (Орал), «ӨзенМұнайГаз құрамасы» (Жаңаөзен), «Элемент» (Семей), «Фемида» (Ақтөбе), «Байдың балалары» (Шымкент) болды.
Ал бұл топтарды жоғары лиганың тұрақты қазылары — Мади Манатбек, Сүндет Байғожин, Асxат Оралов, Нұрлан Өтешев және Геннадий Шиповскиx бағалады.

Ойын соңында «Жайдарман» сөзінің әр әрпіне сай номинациялар тағайындалып, командалар кубоктармен және димломдармен марапатталды.

Номинацияларға ие болған командалар тізімін ұсынамыз:
«Жігер» — «Элемент» (Семей);
«Айбын» — «Боранқұл» (Маңғыстау);
«Игілік» — «Миллион» (Шымкент);
«Дарын» — «Грант» (Орал);
«Алдаспан» — «Қызылорда құрамасы» (Қызылорда);
«Рух» — «ӨзенМұнайГаз» (Жаңаөзен);
«Мақсат» — «Тұран-Астана» (Астана);
«Абырой» — «Байдың балалары» (Шымкент);
«Намыс» — «Фемида» (Ақтөбе).
Ойыннан бір күн бұрын республикалық «Сенің жаңа қырың» спорттық акциясы аясында командалар арасында футбол ұйымдастырылды. Осылайша, жайдарманшылар ауқымды жобаға өз үлестерін қосты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img