Қарағандыда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырып жатқан қыз қоршауға соғылды

Басқа ақпараттар

Қарағанды қаласында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан 19 жастағы қыз көлік жүргізу кезінде газ бен тежегіш педальдарын шатастырып, АвтоХҚКО аумағындағы қоршауға соғылды, деп хабарлайды Jas.kz Патриот телеграм каналаына сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан мемлекеттік коммуналдық мүлікке, атап айтқанда қоршау мен емтиханға арналған автокөлікке зақым келген.

Қыз емтиханнан өте алмай, қайта тапсыруға жіберілді. Сонымен қатар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың мәліметінше, оқиға 17 маусым күні сағат 12:31 шамасында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 19 жастағы «Kia» автокөлігінің жүргізушісі практикалық емтихан тапсыру кезінде абайсызда педальдарды шатастырып, қоршауға соқтығысқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ол.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз