Воскресенье, 22 декабря, 2024
No menu items!

Алматы облысында туризмді дамытудың жаңа жобасы іске қосылды

Басқа ақпараттар

Жетісу өңірінің керемет әсемдігі МОЛУКО интернет-журналында көрсетіледі. Бұл туралы Алматы облсының аймақтық коммуникациялық қызметінде өткен брифинг барысында Molooqo басылымының авторлары айтып берді.

Олардың айтуынша, басты идея — өңірге барынша көп шетелдік турист тарту. Олардың Instagram желісіндегі бұрынғы жобаларының аудиториясы шетелдіктер екен.

Журналдың арт-директоры әрі авторы Ян Саркиннің сөзінше, 2014 жылы ашылған Molooqo жобасы күнделікті мотивация жасаушы басылым. Өзіндік және қайталанбас стиль бұл қауымдастықты танымал еткен, журналдың шетелдің әр тарапынан 50 мың жазылушысы бар.

«Ақысыз Instagram қосымшасы арқылы Molooqo журналында мотивациялық контент жасауға болады. Жетісу өңірінің сұлу жерлері көп. Бұл мекеннің саяхатқа жаны құмар және әлем көргісі келетіндер үшін берері мол. Сол үшін біз журнал арқылы туристік аймақтарды көрсету арқылы өңірге жарнама жасағымыз келді. Екінші жағынан біз адамдарды қойған мақсатына жетуге ынталандырамыз. Біз облыста арнайы фотосессия ұйымдастырдық, ал мұнда бес бірдей ұлттық табиғи саябақ бар: «Іле Алатауы», «Алтын Емел», «Шарын», «Көлсай көлдері», «Жонғар Алатауы», — дейді Ян Саркин.

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз