Жастармен бірге компьютерлік ойындар ойнаймын — Г. Шиповских

1146

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских өзінің хоббиі — компьютерлік ойындар екенін, кешкілікте  тиктокта тікелей эфирде отырып, жастармен бірге ойнап тұратынын айтты.

Депутат өз хоббиін жастармен жұмыс істеуде таптырмас құрал деп санайды. Бұл туралы ол Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында әңгімелеп берді.

«Мен бала кезден компьютерлік ойындарға қызығамын. Сондықтан бұны жастармен байланыс ретінде қолдануға тырысамын. Себебі жұртшылықпен, сайлаушылармен қарым-қатынасты нығайтасың, екіншіден олардың проблемасын білуге, көруге, өз ауыздарынан естуге мүмкіндік аласың. Бірге ойнап отырып, олармен жақын білісуге мүмкіндік болады» дейді Геннадий Шиповских.