Среда, 14 мая, 2025
No menu items!

Ауыл тұрғыны 3 тонна қардан мешіт тұрғызды

Басқа ақпараттар

Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіт көшірмесін жасады. Бұл туралы sputnik.kz сайты жазды.

Бұл — Абай даңғылында орналасқан Орал мешітінің көшірмесі.

Нәдір Қуанаев Instagram-дағы парақшасында қардан тұрғызылған мешіт көшірмесінің суреті мен видеосын жариялады. Желі қолданушылары оның жұмысына тәнті болды. Қардан жасалған мешітке шебер жарық тартуды да ұмытпапты.

Қар мешіт 20 күнде бой көтерді. Ол үшін 3 тоннаға жуық қар қажет болды.

Өткен жылы талантты жігіт қардан көлік жасаған.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз