20 ақпанда Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытай астанасында өткен төрт жылдың басты бәсекесі тарих қойнауына енуге жақын. Олимпиада эстафетасын Бейжіңнен 25-кезекті ойындар өтетін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдап алады.

Олимпиада-2022 жабылу салтанатының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:20-да басталады, салтанатты шараны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.