Күнделікті жұмыс барысында, отбасы жағдайында, тіпті үйге қайтар жолдағы келеңсіз жағдай барысында ағза күйзеліске ұшырайды. Одан арылу үшін Massaget.kz ұсынған мына кеңестерге сүйенсеңіз болады.
1. Массаж
Қуатты үнемдеу үшін мұрын, қастар арасындағы, иек және алақанның ортасындағы нүктелерді 30 секунд бойы уқалау қажет. Бұл нүктелер адамның шаршағанын басып, оған қосымша қуат береді.
2. Алақаныңызды ысқылаңыз
Алақандарыңыз қызып кеткенше бір-біріне бар күшіңізбен ысқылауы арқылы дененің құрысуын таратуға болады. Құлақы тазалау да денені күйзелістен арылтады.
3. Бүкіл мәселені душ арқылы шығарыңыз
15 минуттық душ негативті эмоциямен күресуге көмектеседі. Басыңызға және иығыңызға жылы су астында массаж жасауды ұмытпаңыз. Көп ұзамай су қажетсіз нәрсені қалай шайып жіберетінін сезесіз.
4. 27 зат
Шығыс Азия тұрғындары: «Мұңнан арылғың келсе, үйдегі 27 заттың орнын ауыстыр» деп үйретеді. Бұл дұрыс энергия үшін кеңістікті босатады деп сенеді. Жағымсыз энергиядан арылу үшін әрі миды артық ойдан тазарту мақсатында бұл әдісті қолданып көріңіз.
5. Баспалдақ
30 секунд жоғары және төмен жүгіріңіз — бұл жаттығу эмоциялық күйзелісті басқаруға жауапты мидың лимбиялық бөліктеріне оттегінің тасымалын қамтамасыз етеді.
6. Бояулар
Психологтар стресс кезінде екі-үш минут бойы суреттерді бояу — жұмысты уақытында аяқтау ықтималдығын бес есе арттыратынын анықтады.
7. Тазалау
Заттарды өз орындарына қою, ойларды ретке келтіруге уақыт бөлу — ойдың жинақталуына көмектеседі. Сонымен қатар, сөрелердің, жәшіктердің, шкафтардың жинақы тұруы адамға психологиялық әсер етеді. Адам сыртқы тәртіпті өз өміріне бейсаналы түрде ауыстырады.
8. Ойлануға уақыт
Ойларыңызды жүйелеу үшін үйде жалғыз қалуға тырысыңыз. Сүйікті музыкаңызды қосыңыз, сүйікті тағамыңызға тапсырыс беріп, қолайлы жерге орналасыңыз. Сізге ең ұнайтын нәрсе туралы ойланыңыз және қағазға тілегіңізді жазыңыз. Нақты жоспардың түрі келесі қадамдарды анықтауға көмектеседі.
9. Би
Үйде міндетті түрде билеңіз! Би күйзелістен арылтады. Қарапайым спортқа қарағанда, би ойын-сауық түріне жатады.
10. Ароматерапия
Адам иістерді жақсы есте сақтайды. Сондықтан жаныңызға жақын адамдар және бақытты сәттермен байланысты иіс адамды бақытқа бөлейді. Үйге келгенде жаныңыз тынышталатыны да осыдан болса керек.