Атыраулық оқушы халықаралық STEM олимпиадасының күміс медаліне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған білім сайысында 95 елден 7 695 оқушы бақ сынаған.

«Үш бағытты қамтыған халықаралық STEM олимпиадасы екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңінен өткен оқушылар ақтық сынға онлайн форматта қатысты. Атыраудағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділ Сұлтанов халықаралық STEM олимпиадасына қатысып, екінші орынды иеленді. Ол 7-сыныптан бері информатика пәнінен түрлі олимпиадаға қатысып жүр. Бұрын республикалық білім сайысынан күміс, халықаралық олимпиададан қола медальге ие болып, Еуразиялық доданың екі мәрте жеңімпазы атанған», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.