Басты бет Жаңалықтар Атыраулық оқушы халықаралық STEM олимпиадасының күміс медаліне ие болды

Атыраулық оқушы халықаралық STEM олимпиадасының күміс медаліне ие болды

Атыраулық оқушы халықаралық STEM олимпиадасының күміс медаліне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған білім сайысында 95 елден 7 695 оқушы бақ сынаған.

«Үш бағытты қамтыған халықаралық STEM олимпиадасы екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңінен өткен оқушылар ақтық сынға онлайн форматта қатысты. Атыраудағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділ Сұлтанов халықаралық STEM олимпиадасына қатысып, екінші орынды иеленді. Ол 7-сыныптан бері информатика пәнінен түрлі олимпиадаға қатысып жүр. Бұрын республикалық білім сайысынан күміс, халықаралық олимпиададан қола медальге ие болып, Еуразиялық доданың екі мәрте жеңімпазы атанған», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Exit mobile version