Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.
Оларға Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрып, халықты алдады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қаржы пирамидасы ісіне қатысты тағы үш күдікті анықталды. Олар – Mudarabah Capital серіктестігінің мүшелері, сот шешімімен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған Ш. және Т. есімді азаматтар. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу кезеңінде үйқамақта болған М. және К. есімді азаматтар да қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Осы оқиғаға байланысты Мейіржан Төребаев өз пікірін білдірді. Видео Telegram-дағы НЕХабар арнасында жарияланды.