Среда, 14 мая, 2025
No menu items!

Елбасы «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінде болды

Басқа ақпараттар

Мемлекет басшысы Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округінің аумағында орналасқан «Батыр бабалар» мемориалдық кешеніне барды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемориалдық кешендегі Қазақстанның сақ мәдениетінен бастап Алашорда үкіметінің құрылуына дейінгі тарихын бейнелейтін экспозициялармен танысты. Мемориалдың орталық бөлігі қазақтың батырларына арналған.

Сонымен қатар, Елбасыға ел тәуелсіздігі жолындағы күресте танымал болған белгілі тарихи қайраткерлер – хандар, билер және батырлар суреттерінің галереясы көрсетілді.

Мемлекет басшысы Қарасай ауданының жұртшылық өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен Алматы облысының даму перспективалары талқыланды.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «SUPER LIGA» Жайдарман ойыны өтті

10 мамыр күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен Алатау дәстүрлі өнер театрында республикалық «SUPER...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз