Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге өтінім қабылдау басталды

Басқа ақпараттар

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге электронды өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, бұл шара Үкімет бекіткен 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келген мүліктік залалды өтеу механизміне сәйкес іске асырылады.

Залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.

Механизмге сәйкес залалды өтеу туралы өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды.

Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.

Қаржы Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтініш берушіге аударылады деп болжанады.

«Зардап шеккен кәсіпкерлердің назарына! Залалды өтеуге өтініш берер алдында осы сілтемеге кіріп, нұсқаулықпен танысуыңызды сұраймыз, сондай-ақ қажетті құжаттардың толықтығына көз жеткізу керек. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өңірлік комиссия мүліктік залалды өтеуден бас тарту туралы шешім шығарады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін «Атамекен» ҰКП залалды өтеу бойынша іс-қимыл алгоритмін дайындады. Онда залалды өтеуге өтініш беру қадамдары сипатталған», – делінген «Атамекен» ҰКП таратқан хабарламада.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img