14-19 наурыз аралығында «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен өткен Жайдарман ойындарының «Маусымашар-2022» фестивалі мәресіне жетті.

Бір аптаға созылған шараға еліміздің түпкір-түпкірінен мыңнан астам қатысушы, 170 топ келді. Фестиваль аясында Жайдарман ойындарынан бөлек, «Астана-Арена» стадионында елордалық «SD Family» әуесқой клубы мен «Jaidarman» құрамасының қатысуымен футбол өтті. Сондай-ақ тренингтер, өзара сұхбат-подкасттар жүргізіліп, медиатұлғалардың қатысуымен «J-talks» шарасы өтті.