Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

68 келіде белдескен Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде, белдесу соңында отандасымыз қарсыласынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр.