Четверг, 26 декабря, 2024
No menu items!

Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды

Басқа ақпараттар

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ұйымдастырылған X жазғы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Жарысқа қатысушыларды облыс әкімі А. Баталов құттықтап, сәттілік тіледі.

— Бұл жарысты мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Өйткені мемлекеттік басқарудың өзегі саналатын мемлекеттік қызметшінің салауатты өмір салтын ұстануы қашанда маңызды. Мемлекеттік қызметші барлық жағынан қоғамға үлгі болуы тиіс. Мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген сіздерге спортта да жарқын жеңістер тілеймін. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы оныншы жазғы Спартакиаданы ашық деп жариялаймын! – деді А. Баталов. Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Нұрғисаев та жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі.

Спартакиадаға өңірдің 16 ауданы мен 3 қаласының мемлекеттік қызметшілері, облыс әкімдігі, сонымен қатар құқық қорғау органдарының командалары қатысуда. Жарыстар спорттың тоғызқұмалақ, бильярд, волейбол, шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат түрлері бойынша «Жастар» Спорт сарайында, «Өркен», «Динамо», «Жастар — 2» спорт кешендерінде өтеді. Спартакиада екі күнге созылып, қорытындысы ертең кешкілік белгілі болады.

Айта кетсек, жалпы Алматы облысында бүгінде 8500-ге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, олардың 2 мыңнан астамы 28 жасқа дейінгі жастар, яғни олар 23% құрап отыр. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 39.

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз