Басты бет Жаңалықтар «Адамды адам еткен-еңбек…» Жас кәсіпкер Абылай Бекқажымен сұхбат

«Адамды адам еткен-еңбек…» Жас кәсіпкер Абылай Бекқажымен сұхбат

Студент болып жүріп, жеке кәсіппен айналысу  икемділік пе, әлде қажеттілік пе? Бүгінде жас та болса,  кәсіпке бет бұрып, өз  арбасын өзі сүйреп жүрген  жастардың көп болғаны  көңіл қуантады.  Білім алу  мен жұмысты  ұштастырып, белсенді жүретін кәсіпкер-студенттердің  бірі - Абылай Бекқажы.

«Jas  kasipker-2019» байқауының  қатысушысы қазіргі  таңда Әл-Фараби  атындағы Қазақ  ұлттық  университетінде  магистратурада оқиды.

 — Абылай, студент болып жүріп, кәсіп бастау қаншалықты  қиын? Кәсіппен  айналысуға не түрткі  болды?

Негізі, ең алғашқы кәсібім мектеп  кезінен  басталды. Ең  алғаш  nokia  телефондары көмектесті. Ескі  телефондарды сатып алып, жөндеп,қайта сататынмын. Жоғары  сыныптарда Алматыға оқуға түссем деп армандап жүрдім. Сонымен қатар, Алматыға барсам бизнес ашамын деген  ниет сол  кездің өзінде-ақ  пайда болды. Сол уақыттарда әкемнің  кәсібіне көмектесіп жүріп, өзімнің  сатуға деген  ыңғайым  бар  екенін  байқадым.

Өзім армандағандай  Алматыға оқуға түстім. Бірақ өзім қалаған  мамандық  емес. Бұл  менің  бизнес бастау  туралы ойымды жүзеге асыруға асықтырды. Әрине, өзің  студентсің, жаңа қала. Бәрі  жаңа. Менде  бірнәрсе бастай қоятындай   капитал жоқ.  Клиенттердің өзінің ақшасын  айналдыру  керек болды.

Көлік бөлшектерін интернет арқылы сатып, бүкіл өңірлерге  жеткізе  бастадым. Сұраныс жақсы болды. Кейін қосымша тағы бір  нәрсе  істеу  керек  деп  ойланып  жүргенімде ойламаған жерден  жақсы  идея келді. Сол идея  мені қазірге  дейін  жақсы асырап  келе  жатыр (күліп) деп  айтсам болады.

Идея қалай келді? Ойыңызды қалай жүзеге асырдыңыз?

Бакалаврдың бірінші  курсында жатақханада тұрамыз. Күнделікті  сабаққа керек  қағаздарды шығартумен көп шапқылаймын. Реферат, СӨЖ, курстық жұмыстар. Мен  ғана емес, барлық  студенттер бұл қызмет түріне  көп жүгінеді. Осылайша, бүкіл  3Х1  принтерлер, түрлі-түсті  қағазбен шығаратын  құралдардың барлығын сатып  алдым. Жаңа шағын  кәсібім осылай басталды.  Уақыт жағынан  да өте  ыңғайлы болды. Сабаққа да, жұмысқа да  бәріне  үлгеріп жүрдім.

 — Кәсіпкерге тән  мінез-құлық қалай  қалыптаса  бастады? Үйреткен, жол көрсеткен тәлімгеріңіз болды  ма?

— Алғашқы тәжірибе  әкемнің  қасында жүріп  келе  бастады. Көп дүниені  сол  кісіден  үйрендім. Кейін енді,  бәрін істеп жүріп түсіне  бастадым. Жүре-жүре  үйренеді екенсің. Ең  бастысы , еңбек етуге  деген  құлшыныс болу керек. Баланы  кішкентай  кезден  еңбекке баулып өсірудің  маңызы зор. Уақыт  өте  келе ізденістің арқасында жатақхана қабырғасынан  басталған  шағын  бизнес үлкен ізге түсе  бастады. Қазір  баспа ісімен  айналысатын  кәсібіміз бар. Жаңа этапқа өттік деп айтсам болады.

— Осы  кәсібіңізді  бастағанда алғашқы инвестицияны  қалай құйдыңыз? Қаржыландыру жағы қалай болды?

— Жалпы, 18 жасымнан  бастап үйден ақша сұрамауға дағдыландым.  Барлық жобаларымда өзім әрекет қылып келдім.  «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың  үні шықпас» деп жатады  ғой.  Бұл жолы PixelPrint орталығын  досым екеуміз аштық. Өзіміз қаржыланжырдық. Түрлі қызмет түрін  ұсынамыз. Басып шығарудың барлық түрі, компьютерлік  қызметтер, дизайн жұмыстары, сыйлықтар, шарлар. Жеткізу қызметі  де бар.

 

 

 —Алда қандай жоспарларыңыз бар?

-Біз жоғарыда айтқан  қызмет түрлерінен бөлек маркетинг, дизайн жұмыстары, SMM бағыттары бойынша  түрлі жобалар  ұйымдастырамыз.  Қазір  бір-біріне ұқсамайтын  бірнеше бизнес  түрлерін ашуға дайындалып жатырмыз. Барлығының  негізі  дайын  деп айта аламын. Соңғы  этаптары қалды. Автобөлшектер  кәсібі жүріп жатыр, енді оны  ары қарай  дамытқалып  жатырмыз. Тағы бір кәсіп білім берумен  байланысты. Балаларға  арналған  мектеп жұмысын бастайын  деп жатыр.

-Қаншалықты өзіңізді жетілдірумен айналысасыз? Тұралап қалмау үшін үздіксіз  шабытты қайдан  алуға болады?

Адамды адам еткен еңбек  дейді ғой. Қаржылық  сауаттылықты  арттыру туралы кітаптарды жиі  оқимын. Ал, мотивация  деген  дүние біреуден  не  бірнәрседен алынбайды. Жәй ғана еңбек ету  керек, еңбек  ету керек. «Алма піс, аузыма түс» деп жатқаннан  ештеңе өнбейтінін түсіну  керек.

Мемлекеттік  қызметте 8  -10  сағат жұмыс істесең, өзіңнің  ісіңде  16  сағаттан  көп жұмыс істейсң. 24  сағат басың ойдан босамайды. Бұл формада жүруге  үлкен көмек, үнемі  әрекет  ете  берген  адам жалқаулануға ынтасы  да болмай қалады. Қазір  өзім кәсіп бойынша қосымша әлеуметтік желілерде блог  жүргізіп жүрмін. Жауапкершілігі  жоғары, бірнәрсе деп жазу үшін, өзің соған лайық болуың керек.

-Кәсібіңізде қиыншылықтар мен қызықтар жиі  кездесіп тұратын шығар?

— Ия, өзіндік қиындықтары  бар болғанымен қызық жұмыс. Күнде неше  түрлі адамдармен байланысқа түсесің. Әртүрлі  клиенттер  кездеседі.  Бір қарасаң күлкілі, бірақ  жылағың келетін  кездер де болады. Енді бәрін түсіндіріп  болсаң, бір  сұрағын  екінші  рет  қойып қайта сұрайтын  кісілер  болады.  Олардың  бәрінің  көңілін тауып, риза қылу да- үлкен өнер. Жалпы, бизнес мені тәрбиелеп келе жатқан  үлкен құрал деп айтсам болады.

— Абылай, сұхбат  үшін  рахмет! Кәсібіңізге  сәттілік  тілейміз!

Сұхбаттасқан: Сымбат Еркінбек

Exit mobile version