«Бизнес бастау үшін білім де керек…» Жас кәсіпкер-2019″ жобасының қатысушысы Бейбарыс Исаховпен сұхбат.

1588

Өзіңнің  қызығушылығыңды  кәсіпке  айналдыра білу-шеберлік. «Jas kasipker-2019» жобасының  қатысушысы Бейбарыс  Исахов  сүйікті ісін  кәсіп  етіп,  кәсібінен  нәсіп тауып  отырған  жас кәсіпкер. Ол Нұр-Сұлтан  қаласында  отбасылық  ісін  жүргізіп отыр.

– Бейбарыс, кәсібіңізді қалай  аштыңыз? Қандай қызмет түрін көрсетесіздер?

-Мен хоббиімді табыс әкелетін іске айналдырған  адаммын. 11 жасымнан  бастап достарым,  сыныптастырмның  шашын қиып  беріп жүретінмін. Кәсіби  түрде  14  жасымнан  бастап айналысып  келемін. 7  жыл  түрлі  салондарда, басқа барбершоптарда  жұмыс істедім. Солай жақсы тәжірибе жинадым деп айтсам болады. Содан  соң  өзімнің  бизнесімді  ашуға бекіндім.  Бірақ, алғашқысы сәтсіз болып, жабылып қалды.  Кейін  кәсіпті  дамыту  туралы ізденіп  оқи бастадым. «Бизнес Бастау»  курсына  қатыстым.  Сол  екінші рет талпынып, қайта аштым. Жарнамаларды жан-жақсы  жүргіздім. Осылайша, біздің  барбершоп қазір  тұрақты  2 жыл болды, жұмыс істеп  келе  жатыр.

Барбершоптың аты ерекше екен.Демек, бұл отбасылық  бизнес қой?

Ия, бұл атау бізге өте жақын. Ат қоятын кезде түрлі нұсқалар  болды. Көп ойлана  келе, Family Barbershop деп  қойдық. Себебі, ағам да , әпкем де осы іспен айналысады.  Әрі  біздің  салон  отбасының  барлық  мүшелеріне  қызмет  көрсетеді.

Қазір қанша адамды  жұмыспен қамтып  отырсыздар?

Ұжымда 5 адам жұмыс істеп  жатыр. Қазір  маникюр қызметін  де қостық. Ақырындап дамып, өсіп  келе  жатырмыз. Бұйыртса, қаланың  басқа нүктелерінен  филиалдарымызды ашу жоспарда бар. 3  шебер  бар, олар ағайынды  үшеуіміз.  Әпкемнің 12 жыл, ағамның 11 жыл осы  істе  тәжірибесі  бар. Менің  тәжірибем-9 жыл.

-Кәсіпкер ретінде қалыптасу үшін, қалай жұмыс істедіңіз? Қиындығы мен қызығы қатар жүрген шығар?

-Иә,әрине,жоғарыда айтқанымдай бірінші ұмтылысым сәтсіз болды. Өзімде көп нәрсенің  дұрыс болмағанын  түсіндім. Содан іздене  бастадым. Бизнес бастау  үшін  білім  де керек екен. «Бизнес Бастау» мектебінде оқыдым, «Атамекен» кәсіпкерлер  палатасында «бизнес-кеңесші» курсынан  өттім, түрлі тренгингтерге  қатыстым. Копирайтинг, таргетинг, жарнама жасау секілді құралдарды  үйреніп, іс жүзінде қолдана бастадым. Осылай жақсы аяққа тұрып  кеттік. Біздің  фишкамыз-заманауи креативті түрде шаш қию. Қазіргі таңда өз брендімізді қалыптастырып  келеміз. Алдағы уақытта көптеген жоспарларымыз бар. Кеңейтуді ойлап отырмыз. Негізі, менің  ойымша, қазір  еңбек  еткен адам несібеден құр  қалмайды. Мүмкіншіліктер өте  көп.

Керемет, дұрыс айтасыз! Арман-мақсаттарыңыз орындалда берсін, сәттілік  тілейміз.

 

 

 

 

 

Сұхбаттасқан: Сымбат  Еркінбек