ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев брифингіде ертең утилизациялық алым мөлшері жарияланатынын айтты.

«Ертең автомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утилизациялық алым мөлшерлемелері жарияланады. Ал «Оператор ӨКМ» компаниясынан мемлекетке берілген ақша туралы ақпарат бәріне мәлім деп ойлаймын. «Оператор ӨКМ»-нің екінші деңгейлі банктердегі шоттарында шамамен 220 млрд теңге болған. Қаулы бойынша бұл ақша «жасыл дамуға» берілді. Ол ақшаның қаншасы жеңілдетілген автонесиеге бөлінетіні заңнама нормалары бойынша қараймыз», – деді Серікқали Брекешев.