Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген мамандардың 60 пайызы еңбекпен қамтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың мәліметінше, өткен жылы агенттік мемлекеттік аппарат қызметін оңтайландыру, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметке неғұрлым бәсекеге қабілетті және дарынды жастарды тартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.
Агенттік стратегиялық құжаттарды, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Президент жолдауларында қойылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс істеп келеді. 2021 жылы агенттік президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізіп, қорытындысында резервке 50 адам қабылданды. Алғаш рет президенттік жастар кадр резерві 2019 жылы ұйымдастырылып, 300 маман іріктелген еді. Қазіргі уақытта 350 адамның 209-ы яғни 60 пайызы жұмысқа орналастырылды, — деді Дархан Жазықбаев агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында.