Тұрғын үй салумен айналысатын компаниялардың кейбірі пәтер бағасын арзандата бастады. Бұл туралы Құрылысшылар қауымдастығының басшысы Виктор Микрюков мәлім етті.
«Жалпы тұрғын үй нарығында ахуал оңалып келеді. Доллар бағамының төмен де, жоғары да құбылмай, айтарлықтай тұрақты деңгейде сақталуы нарыққа жағымды әсер етіп жатыр. Сондықтан біз дәл қазір баспана бағасы өспейді деп айта аламыз», — деді Виктор Микрюков.
Оның сөзіне қарағанда, құрылыс материалдарының бағасында да жағымды динамика байқала бастаған.
«Көптеген құрлыс материалдарының бағасы төмендей бастады. Бұл әрине қуантарлық жаңалық. Көптеген құрылыс компаниялары баспана бағасын түсіре бастады. Өйткені кейбір болжамдар нақты тәуекелден артық есептеліп, баға қажетті деңгейден тым артық көтеріліп кеткен болатын», — дейді қауымдастық басшысы.
Сөз соңында Виктор Микрюков алдағы екі айда баспана бағасы қымбаттамайды деген болжамын айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат