«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Elise-пен бірге жаңа бейнебаян шығарды.

Married to your melody деп аталатын жаңа трекке арналған бейнеклип музыканттың YouTube арнасында пайда болды.

Бұған дейін Иманбек өзінің Instagram-дағы парақшасында Married to your melody трегіне жаңа клип шығаратынын хабарлаған болатын.