Қаржы мониторингі агенттігі Qnet халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті «Qnet» халықаралық қаржы пирамидасы компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл ұйым ҚР аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары, рұқсаттары жоқ. Іс бойынша айыпталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», — делінген агенттік хабарламасында.