Қазақстандық жас жазушылар мен ақындарды қолдау үшін президенттік әдеби сыйлық тағайындалады.Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Сенат депутаттарына берген жауабында белгілі болды, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тиісті жарлығының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.

Президенттік сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша беріледі. Ол 18-29 жас аралығындағы ел азаматтарына бұрын-соңды жарық көрмеген шығармалары үшін табысталады.