Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Туризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі

Басқа ақпараттар

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барып, туризмнің даму жағдайын көзбен көріп қайтты. Соның ішінде әлеуметтік салаларды да аралап, Ақши ауылында жаңадан пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияда, Үшарал қаласындағы «Жастар» саябағында да болды.

Талдықорғандағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағы мен Қаратал жағалауын үлгі ете отырып салынған Үшаралдағы жаңа саябақ көз қуантады. Мамыр айында пайдалануға берілген демалыс орнының аумағы — 15,1 га. Бөлінген 103,6 млн. теңгеге аталмыш саябақтың жөндеу және абаттандыру жұмыстарын «Алакөл жылу» ЖШС сапалы жүргізген. Аллеяда сәулеттік мүсіндер, Мәңгілік ел монументі қойылған. Мұнда балаларға арналған шағын футбол және ойын алаңдары, велосипед жолы, дене шынықтыруға арналған құрылғылар қарастырылып, субұрқақ, үлкен қолшатыр үлгісімен сәндетіліп жабылған орындықтар орнатылған.

Облыс әкімі А. Баталов саябақта серуендеп жүрген тұрғындармен, ойын алаңындағы балалармен тілдесті. Жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан жастарға саябақ ішінде жолығып, тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.

Мұнан соң Алакөл жағалауын дамытудың егжей-тегжейлі жоспарымен, көл жағалауын бекіту, автокөлік жолдарын қайта жаңғырту, Ақшиде салынатын темір жол вокзалы құрылысының жобаларымен, көл жағалауында туримзді дамыту шараларымен танысты.

Облыс әкімі А. Баталов көл жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізбес бұрын ғылыми зерттеу шараларын атқару қажеттігін айтты. Жағалаудың қай тұсын су жиі шаятынын, толқын соққысы қай жерге көп тиетінін, жалпы жағалауды бекіту барысында назарға алынуы тиіс мәселелерді арнайы ғылыми мамандармен бірлесе отырып атқаруды тапсырды. Сонымен қатар темір жол вокзалының құрылысын тамыз айының ортасынан кешіктірей бастау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ Ақши ауылындағы «AQUAMARINE resort», «Alakol resort» сияқты қонақ үй кешендерін аралау барысында көл жағалауындағы туризмді дамыту үшін ең алдымен қызмет көрсету сапасы жоғары, демалушыларға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған қонақ үйлердің маңызы зор екенін айтты. Аудан әкімі Әлібек Жақанбаевқа Алакөл маңында туризмді дамыту шараларын үздіксіз жүргізуді тапсырды.   

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img