АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ ӨТТІ

1624

20 қыркүйекте Жастар сарайында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН одағы ұйымдастыруымен Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің жартылай финалы өтті. 1/4 финалдық ойындарында сәтті өнер көрсеткен 12 команда жартылай финалда ойнады.

Біріншіліктің кезекті ойынын Жандос Самалбеков жүргізді. Финалдық жолдамаға таласқан төмендегі командалар «сәлемдесу» және «бес жаңалық» сайыстары бойынша жарысты:

«Жеті жұлдыз» — Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі
«Сарыарқа ауданының құрамасы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Грация» — Қазақ технология және бизнес университеті
«Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
«Ашық аспан» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
«Бифштекс» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
«Агролайф» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
«Аграрка құрамасы» — С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
«Целиноград құрамасы» — Ақмола облысы, Целиноград ауданы
«Rixos» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
«Астанадағы жаңаөзендіктер» — еркін құрама
«Жалынды жастар» — Көлік және коммуникация колледжі
Ойынның үздік командасына және үздік ойыншысына домбыралар сыйлыққа табысталды. Үздіктерді анықтап, қазылық еткендер қатарында: Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы Ілияс Түстікбаев, Астана қаласы дін істері басқармасының бас маманы, Жайдарман жоғары лигасының чемпионы Әділет Төлеутаев, Қазақстан КВН одағының редакторы Қасиет Кәрім, Жайдарман ойындарының ардагер ойыншысы Хамит Ердехан, танымал жайдарманшы Эльдар Жұмағалиев.

Қорытындылай келе, «Тұран жастары», «Ашық аспан», «Аграрка құрамасы», «Агролайф», «Грация» және «Астанадағы жаңаөзендіктер» командалар финалдық сайысқа жолдама алды.

Астана қаласындағы Жайдарман біріншілігінің кезекті ойыны, яғни финалдық сайыс 4 қарашаға жоспарланып отыр.