Тұмау – бұл респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін вирус арқылы туатын ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Тұмауратқан адамдардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық.
Тұмаудың алдын алудың жолдары:
- Дәрігердің қабылдауында болыңыз.
- Тұмау кезінде адам көп жерлерге барудан бас тартыңыз (қоғамдық көлікпен жүруді доғарыңыз) Дегенмен, таза ауа жұтып, серуендеуді тоқтатпаңыз.
- Бөлмені, үйіңіздің терезелерін жиі ашып, желдетіп тұрыңыз.
- Тазалау кезінде арнайы сұйықтықтарды пайдаланғаныңыз жөн (хлор, т.б.)
- Дәрігердің қабылдауында болыңыз.
- Дәріханадан қажет дәрі-дәрмектерді түгелдеп алыңыз.( Оксолин майы, мұрынға арналған тамшылар)
- Жеміс-жидектерді, көкөністерді көбірек пайдаланыңыз.
- Таңғы, түскі, кешкі астың бәрімен сарымсақ, пиязды қосып пайдалануды әдетке айналдырыңыз.
- Лимон қосылған шайды көзіңізге көрінетін жерге қойып қойып, көп мөлшерде ішіңіз.
- Кез-келген сұйықтықты көп мөлшерде пайдаланған дұрыс.
- Толық тамақтаныңыз, тәбетіңіздің болмауы заңдылық. Бірақ, сіздің иммунитетіңіз аурумен күресу керек екені есіңізде болсын.
- Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшаулауды ұмытпаңыз.
- Вирустарды өлтіру үшін пияздың шырынын мұрыңызға тамызыңыз (мұрыныңыз «шайдай» ашылады!)
- Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен жапқаны жөн.
- Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуы керек, олар жиі қайнатылып жуылуы тиіс.
Авторы: Қарлығаш Курамысова